Skip to content

Балаларды қорғау күнімен құттықтау


Сіздерді шын жүректен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!

Балалар – біздің болашағымыз, мақтанышымыз және үмітіміз. Әрбір баланың бақытты, дені сау болып өсіп, сапалы білім алып, өз қабілеті мен дарынын толық аша алуына қолайлы жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Осы мерекелі күні барлық балаларға шаттыққа толы балалық шақ, мықты денсаулық, адал достар, қызықты жаңалықтар мен армандарының орындалуын тілеймін. Әр күндеріңіз қуанышқа, күлкіге, мейірім мен қамқорлыққа толы болсын!

Ата-аналар мен ұстаздарға зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріне табыс пен толағай жетістіктер тілеймін. Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі жауапты істеріңізге сәттілік серік болсын!

Әр шаңырақта береке мен бірлік орнап, балалардың шат күлкісі әрдайым естіліп тұрсын!

Құрметпен,
мектеп директоры
Ж. Қабидолина