Мектебіміздің қабырғасында ауылымыздың және еліміздің мақтанышы, джиу-джитсу шебері Ринат Қалиғазы қонақта болды!
Ол өзінің табандылығы мен еңбегінің арқасында қарапайым ауыл баласының Азияны және әлемді бағындыра алатынын дәлелдеген жан.
Спортшы оқушылармен өзінің өмір жолымен бөлісті: жаттығуды қай жерде бастағанын, қандай қиындықтарға тап болғанын, спорт пен оқуды қалай қатар алып жүргенін, сондай-ақ халықаралық жарыстарда Қазақстан туы көтерілген сәттегі сезімін айтып берді.
Кездесудің басты ойы:
«Қай жерде дүниеге келгенің маңызды емес — үлкен қалада ма, әлде кішкентай ауылда ма. Ең бастысы — арман, тәртіп және ешқашан берілмеу!»